Қазақстандық әжей Ресей жерінде өз көлігінің астында мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 77 жастағы қазақстандық әйел Ресейдің Астрахань қаласында өз көлігінің астында мерт болды, деп хабарлайды astrakhan-24.ru.

Жергілікті жаңалық агенттігінің хабарлауынша, 23 қаңтар күні муниципалдық күре жолдың 16-шақырымында «Жигули», «Газель» және «Chevrolet Lanos» маркалы автомобильдер соқтығысқан. 

Кейін көлік  апатына түскендер жолдың шетінде өз машиналарының зақымданған жерлерін қарап тұрған. Кенет жергілікті тұрғын мінген «Opel Astra» тоқтап тұрған машиналарға келіп соқтығысқан. Қатты соққыдан  «Жигули» Қазақстан азаматшасына қарай ұшқан.  

Әйел шұғыл ауруханаға жеткізілді. Алайда, көп ұзамай көз жұмды.

Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.