Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, 2015 жылы еліміздле алғаш рет өңделген ауыл шаруашылығы тауарларының көлемі 1 трлн теңгеден асты. Соның ішінде, көкөніс шырынының өндірісі 43 пайызға, көкөніс консервісінің өндірісі 10,6 пайызға, күріш өңдеу 9,5 пайызға, ірімшік өндірісі 8 пайызға, сүт өнімдерінің өндірісі 5 пайызға артқан.
«Жалпы нарықты сараласақ, теңге бағамы өзгергеннен кейін отандық азық-түлік өнімдерінің бағасы ресейлік тауармен салыстырғанда бәсекеге қабілетті бола бастады. Сонымен қатар, қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі сыртқы нарықта да артып отыр», - деді министр.
Оның айтуынша, валюталық құбылмалылық қазақстандық экспортқа да біршама әсерін тигізген. Мәселен, былтыр ет экспорты бойынша жоспардың орындалмады. «2015 жылы сиыр етін экспорттау жоспары 11,4 мың тоннаға белгіленген еді, бірақ іс жүзінде тек 6,5 мың тоннасы экспортталды. Ресей рублі мен теңге арасындағы айырмашылыққа байланысты үшінші тоқсанға дейін елімізден экспорт жөнелтілімдері бая жүрді. Нәтижесінде, жыл бойына 6,5 мың тонна ет экспортталса, соның 5 мың тоннасы соңғы үш айдың еншісіне тиіп отыр. Яғни, теңгенің рубльге шаққандағы бағамы өзгергеннен кейін ғана экспорт жандана бастады деген сөз», - деп түйіндеді А. Мамытбеков.
18:56, 28 Қаңтар 2016
Қазақстандық азық-түлік тауарлары баға жағынан бәсекеге қабілетті бола бастады - АШМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Валюталық бағам өзгерісінен кейін қазақстандық азық-түлік тауарлары ресейлік және шетелдік тауарлармен салыстырғанда бәсекеге қабілетті бола бастады. Бұл туралы бүгін Сенатта агроөнеркәсіп кешенін талқылау барысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.