Атап айтқанда, желтоқсанның 24-інде Ташкентке Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов бастаған топ келді. Делегацияның құрамына Шанхай ынтымақтастығы ұйымы хатшылығының, ТМД бақылаушылары миссиясының өкілдері енді.
Қазақстан Республикасының өкілдері Өзбекстанның астанасындағы, Ташкент, Хорезм және Әндіжан облыстарындағы сайлауларға бақылау жасайды.
Бұған дейін хабарланғанындай, 2009 жылғы желтоқсанның 27-сінде Өзбекстанда Олий Мажлиске, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға халық депутаттарын сайлау өтеді.