Хабарланғанындай, 21, 23, 24, 25 және 27 қаңтар күндері шетелдік көрермендерге «Спартак» спектаклін ұсынады. Сонымен қатар елордалық театр «Гала-балет» бағдарламасын алып барады.
«Итальяндық көрермендер қазақстандық әртістердің өнерін асыға күтуде. Балет спектакліне және Гала-концерт бвағдарламасына барлық билеттер сатылып кетті. Гастрольдік бағдарламасының басты шығармасы «Спартак» қойылымы. Спектакль күні бүгінге дейін көрермендердің құмартып көретін өнер туындысына айналып отыр», - делінген таратылған ақпаратта.
"Атақты театрдан шақыру алу - үлкен құрмет. Біздің алдымызда жауапты міндет тұр - итальяндық талғампаз көрерменге Қазақстан өнерін лайықты көрсете білуіміз қажет", - деді «Астана Опера» театрының көркемдік жетекшісі Тұрсынбек Нұрқалиев.
Өз кезегінде итальяндық театрдың арт-директоры Джузеппе Акуавива «Карло Феличе» «Астана Опера» балет труппасының Еуропаға терезесі болмақ, деп атап көрсетті.
Генуядағы бас опера және балет театры 1824 жылы ашылған болатын, оған екі мың жарым көрермен сияды. Театр Герцог Карло Феличенің құрметіне аталған.