АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысы Байсерке ауылындағы балмұздақ өндіретін қазақстандық «Шин-Лайн» компаниясының алты жеке қоймасы болады. Төменгі температурады екі қойма өз жұмысын бастап та кетті. Жалға алынған емес, жеке меншіктегі ғимараттар отандық өнімнің бағасын арзандатуға септігін тигізеді. Қойма құрылысы бизнесті қолдау және кәсіпкерлікті қолдау картасын дамыту аясында жүзеге асырылады.
Нысандардың жалпы ауданы 1,5 гектарды құрады. Үнемі минус 30 градус сақталып тұратын әр қойманың ауданы 3 мың шаршы метрді құрап, оған 8 млн балмұздақ сыяды.
«Шин-Лайн» компаниясы үнемі тұтынушылардың қызығушылығын ескере отырып, даму стратегиясын ұстанады. Жаңа төмен температуралы қоймалар балмұздақ сынды өнімдердің сақталуына қажетті суық ауаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді», - деді «Шин-Лайн» компаниясының бас директоры Владимир Пак.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.