Қазақстандық балуан кадеттер арасында әлем чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Словакияның Снина қаласында күрес түрлерінен кадеттер арасындағы әлем чемпионаты басталды (15-20 шілде). Алғаш болып кілемге классиктер - греко-рим күресінің шеберлері шығуда, деп хабарлайды Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының баспасөз қызметі.

Кешегі күннің басты қаһарманы болып Ернар Фидахметов танылды. 54 келіде күресетін ол Қырғызстан спортшысын 11:0, Чехия балуанын 8:0, Ресей өкілін 8:6, Сербия балуанын 8:0 есебімен жеңді. Ал финалдық сында 2014 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, армениялық Эдгар Тамазянды 4:2 есебімен тізерлетті.

Естеріңізде болса, Ернар Таиландтта өткен Азия чемпионатында топ жарған еді.