Қазақстандық балуан кадеттер арасындағы ӘЧ-да «күміс» алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Афиныда (Грекия) өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында грек-рим күресі бойынша бақ сынаған қазақстандық балуан Нұрсұлтан Базарбаев (54 келі) 2-орын алды, деп хабарлайды Sports.kz.

Ақтық сында Базарбаев ресейлік Герман Доевпен күресіп, оған есе жіберіп (5:7), әлемдік біріншіліктің күміс жүлдегері атанды.