НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Нилуфар Раимова Уфада күрес түрлерінен жастар арасында әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті мәлім еткеніндей, қазақстандық балуан қыз 57 келіге дейінгі салмақта үздік шықты.
Финалда Н.Раимова италиялық Аврора Руссомен белдесті.
Бірінші кезеңде қарсыласы алда тұрды. Дегенмен екінші кезеңде Нилуфар таразы басын өзіне аудара білді. Сөйтіп тартысты кездесуде 8:6 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін осы дүниежүзілік додада Нұрдәулет Қуанышбай 74 келіге дейінгі салмақта күміс, ал Асылжан Есенгелді (57 кг) мен Бекзат Ермекбай (65 кг) қола жүлдеген атанған болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).