АСТАНА. ҚазАқпарат – Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы Испанияның Ла-Нусия қаласында «Jovenes Promesas» халықаралық турнирінде он медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Қуаныш Жақсыбай баптайтын балуан қыздар 8 алтын, 2 күміс медальға қол жеткізді.
Атап айтқанда, 50 келідегі Эллада Махяддинова, Аяжан Марқашева (53кг), Айнұр Әшімова (55 кг), Нилуфар Раимова (57 кг), Гүлдана Бекеш (59 кг), Тыныс Дубек (62 кг), Альбина Қайыргелдинова (65 кг) және Анастасия Панасович (72 кг) алтыннан алқа тақты.
Ирина Кузнецова (62 кг) мен Іңкәр Жанатаева (76 кг) күміспен күптелді.
Командалық есепте Қазақстан құрамасы екінші орынға көтерілді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенованың Азия чемпионы болғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).