Қазақстандық балуан қыздар Варшавада 2 күміс, 3 қола медальді жеңіп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық балуандар Польша астанасы Варшава қаласында әйелдер күресінен XXVII Poland Open халықаралық жарысында 2 күміс, 3 қола медальді жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Спортты дамыту дирекциясынан мәлім еткеніндей, жалпыкомандалық есепте Польша құрамасы көш бастаса, Қазақстан мен Канада үздік үштікке кірді.
Қазақстаннан Ирина Казюлина (65 кг) финалда украиналық Юлия Лесковецке, ал Анастасия Панасович (72 кг) франциялық Кендра Огюстен Джоселин Дачерге есе жіберді.
Сонымен қатар Айнұр Әшімова (55 кг), Диана Каюмова мен Гүлдана Бекеш (59 кг) өз салмағында қола жүлдеге ие болды.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан алынған мәліметке қарағанда, батысқазақстандық Анастасия Панасовичтің алғашқы бапкері – Баймұрат Абдрахманов. Қазіргі кездегі жеке жаттықтырушысы – Мұсабек Нарегеев.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).