НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық балуан Юсуф Мациев Болгария астанасы Софияда 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан күрес федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Юсуф Мациев грек-рим күресінен 97 келіге дейінгі салмақта финалға дейін еркін жетіп, соңғы белдесуде ирандық Али Рамезанали Абедидарзимен белдесіп, есе жіберді.
Тағы бір қазақстандық балуан Дін-Мұхамед Қошқар 67 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды.
Бұдан бұрын грек-рим күресінен Мақсат Сайлау 87 келіге дейінгі салмақта үшінші орыннан көрінген еді. Ол қола жүлде үшін бәсекеде украиналық Микита Алексеевтен басым түсті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қос қазақстандық балуанның жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).