Қазақстандық балуандар белбеу күресінен әлем чемпионатында 23 жүлде иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Beeline Arena» спорт кешенінде белбеу күресінен ерлер мен әйелдер арасында өткен әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР МСМ Спорт комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: t.me/committee_sport

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, екі күнге созылған бәсекеге 30 елдің 250-ге жуық спортшысы қатысты.


Жалпы есепте Ресей құрамасы топ жарса, Қазақстан құрамасы 6 алтын, 4 күміс және 13 қола жүлдеге қол жеткізіп, 2-орын алды. Үздік үштікті Түрікменстан түйіндеді.


Ел намысын 42 спортшы (32 ұл, 10 қыз) қорғады.



Жарыстың соңғы күнгі нәтижесі:


Алтын - Қалмұхан Тұрмаханбет (57 кг), Әділет Шалғынбекұлы (62 кг), Ақтөре Сұлтанбекұлы (75 кг), Тоқтарбек Айдарбек (90 кг), Бекбол Нұрланұлы (100 кг).


Күміс - Данияр Кункубаев (68 кг), Эскерхан Осканов (100 кг).


Қола - Айбек Қазақбаев (62 кг), Рахмет Сапиев (82 кг), Нұрсұлтан Қожагелдіұлы ( 100 кг).