НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Румыния астанасы Бухарест қаласына өткен халықаралық турнирде еркін күрестен Қазақстан құрамасы табысты оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Халықаралық турнирде қазақстандық балуандар 11 медаль жеңіп алды.
Ел құрамасынан Данияр Қайсанов (74 келі) және Әділет Дәулімбаев (92 келі) чемпиондық тұғырға көтерілді.
Күміс медальға Абзал Өкенов (57 келі), Жігер Зәкіров (79 келі), Юсуп Батырмұрзаев (125 келі) қол жеткізді.
Ал Дәулет Ергеш (79 келі), Бейбарыс Нұрыллаұлы (79 келі), Ислямбек Ислямов (86 келі), Бекзат Үркімбай (97 келі), Серік Бақытханов (92 келі), Олег Болтин (125 келі) қола жүлдеге қол созды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Камил Куруглиев еркін күрестен әлем чемпионы атанды.
Қазақстандық балуан финалда Муса Ашрункаевпен белдесті. Нәтижесінде қарсыласынан 11:0 есебімен басым түсті.
Фото: olympic.kz
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.