«ЦентрКредит» банкі қызметтік міндеттемелерін орындау барысында көз жұмғандардың отбасыларына көмек көрсетеді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Банк қызметтік міндеттерін орындау кезінде көз жұмған полицейлер мен әскери қызметкерлердің отбасыларына қайғыра көңіл айта отырып, қаза тапқан азаматтың отбасына 1 миллион теңгеден көмек көрсететіндігімізді хабарлаймыз. Сонымен қатар көз жұмған азаматтардың біздің банкте рәсімделген несиелерін кешіретін боламыз», - делінген банктің хабарламасында.