ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі хабарлауынша, аталған құрлық додасына Қазақстан қыздар командасы да қатыспақшы.
Осымен 25-ші рет өтетін Азия біріншілігіне қазақстандықтар 2007 жылдан бері қатысып келеді. Алайда, команданың көрсеткіші көңіл қуантарлықтай емес.
Біздің команданың ең жоғарғы көрсеткіші 2010 жылы ғана тіркелген, ол 6-шы орын.
Ұлттық құрамаға «Ертіс», «Астана Тайгерс», сондай-ақ, Ақтөбе мен Алматы клубтарында сынға түсетін жас баскетболшылар шақырту алған.
Азия чемпионатында Қазақстан Гонконг, Сирия және Самоамен бірге В тобында бақ сынайды.
Айта кетейік, Үндістандағы Азия чемпионаты 19 жасқа дейінгі қыздар арасында өтетін әлем біріншілігіне іріктеу кезеңі саналады.