Қазақстандық баскетболшылар 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Малайзияда өтетін Азия чемпионатына қатысады

АЛМАТЫ. Қарашаның 18-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қарашаның 19-27-сі күндері Малайзияның Джохор-Бахру қаласында баскетболдан  16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Борис Борисов  ел құрамасына шақырған 11 ойыншының 9-ы Ақтау қаласының «Каспий-2», ал екеуі  Алматы мен Қостанайдың «ЦСКА», «Тобыл» командаларынан. Олар -  Әлімбек Оразов, Әлімжан Мақсұтов,  Алмас Қалиуллин,  Евгений Потапов,     Роман Морозов,  Алексей Курочка,  Вячеслав Рагуев,  Вадим Щербак, Артур Ремхен және     Максим Марчук  пен Александр Жигулин.   Азияның үздік 12 командасы қатысатын бұл жарыста қазақстандық жасөспірімдер  Бахреин, Жапония және Филиппин елінен келген құрдастарымен  В тобында өнер көрсетеді. Олар алғашқы ойынын Бахрейн құрамасымен өткізеді.