Қазақстандық баскетболшылар Азия чемпионатындағы алғашқы кездесуде катарлықтарға есе жіберді

АЛМАТЫ. Тамыздың 7-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше баскетболдан Қытайдың Тяньджин қаласында өз жалауын көтерген Азия  чемпионатында қазақстандық баскетболшылар алғашқы кездесуде катарлықтарға есе жіберді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онда  Виталий Стребковтың шәкірттері Катар құрамасынан 62:77 (12:15, 18:23, 13:15, 19:24)     есебімен ұтылып қалды. Өзге командалардың кездесулерінде оңтүстік кореялықтар  жапондықтардан (95:74), ирандықтар тайпейліктерден  (71:67), иорданиялықтар ливандықтардан (84:67), кувейттіктер өзбекстандықтардан (69:67) басым түсті. Ал БАӘ мен Индонезия баскетболшылары 58:58 есебімен тең түсті.

Жалпы қазақстандықтар бұл дүбірлі дода қарсаңында  дайындықтың соңғы сынағы саналған  Бейжіңдегі баскетбол фестивалінде жеңімпаз атанған болатын. АҚШ, Катар, Қазақстан және Үндістан баскетболшылары қатысқан бұл жарыста катарлықтар американдықтарға, үндістандықтар қазақстандықтарға ұтылып, жеңімпаздардың  ақтық кездесуінде   В. Стребковтың тәлімгерлері  американдықтарды қапы қалдырған еді.