Қазақстандық баспасөз клубы 28 қаңтар мен 6 ақпан аралығында жұмыс істейтін 12 баспасөз орталығының жұмысын үйлестіреді.
Күн сайын баспасөз орталықтарында жетекші спортшылар мен олардың жаттықтырушыларының, Халықаралық олимпиадалық комитет мен Азия олимпиадалық комитеті өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихаттары және брифингтер өткізіледі. Баспасөз клубы сондай-ақ Азиаданың барлық жарыстарына қатысты ақпараттардың негізгі көзі ретінде барлық журналистер үшін арнайы құрылып отырған INFO-2011 ақпараттық жүйесінің жұмысына жауап береді.
«Қазақстанның беделі үшін маңызы зор осындай ірі жобаның серіктесі атану біз үшін үлкен құрмет. Біздің 16 жылдық жұмыс тәжірибеміз, оның ішінде халықаралық баспасөз орталықтарының жұмыстарын ұйымдастыру және басқару жөніндегі тәжірибеміз барлық командаларға өз міндеттерін лайықты орындауға мүмкіндік береді деп үміттенеміз» - дейді Қазақстандық баспасөз клубының президенті Әсел Қарағұлова.