Қазақстандық баспасөз клубы баспасөз мәслихаттарын Он-лайн жүйесінде көрсетеді

АЛМАТЫ. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгіннен бастап Қазақстандық баспасөз клубындағы баспасөз мәслихаттарын он-лайн жүйесінде интернет арқылы көруге болады.

Бұл туралы БАҚ өкілдеріне баспасөз орталығының атқарушы директоры Сәкен Балбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Енді осы жүйенің көмегімен баспасөз мәслихаттарын www.pressclub.kz сайтына тіркелу арқылы әлемнің кез-келген түкпірінде отырып-ақ бақылауға мүмкіндік туады. Қазақстандық баспасөз клубы еліміздегі он-лайн жүйесінде баспасөз мәслихаттарын көрсетуді қолға алған тұңғыш баспасөз орталығы болып отыр.