Қазақстандық батутшылар әлем чемпионаты кезеңінде екі «алтын» алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батуттағы гимнастикадан Қазақстан құрамасы Бакуде (Әзербайжан) өткен әлем кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.


Жеке секіруде Данил Мұсабаев мәреге бірінші жетті. Екінші орын Хорги Мартинге (Испания) бұйырса, Аллан Моранте (Франция) үшінші орынды иеленді.
Сондай-ақ біздің спортшылар синхронды секіруде де үздік болды. Бұл додада Мұсабаев пен Пірмаммад Әлиев алтын медаль жеңіп алды. Германия «күміс» алса, Португалия үшінші нәтиже көрсетті.

Фото: olympic.kz