ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАТЫРЛАР: Иван Мордасов

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Кеңес Одағының Батыры Иван Андреевич Мордасов 1923 жылы Батыс Қазақстан облысы бұрынғы Приурал (қазір Зеленов) ауданы Рожков ауылында дүниеге келген.

И.М о р д а с о в жаяу әскерлер училищесін бітіргеннен кейін 1942 жылдың тамызынан бастап майдандағы армия қатарында болды. Батыр жауынгер Иван Мордасов 1943 жылы 16 қазанда Днепр өзенінен өту кезіндегі шайқаста ерлікпен қаза тапты. Әскери тапсырманы орындау кезіндегі көрсеткен батырлығы үшін И.Мордасовқа қайтыс болғаннан кейін 1943 жылы 30 қазанда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Гомель облысы Лоевск ауданы Колпень деревнясында жерленген. Ленин орденімен, медальдармен марапатталған. Батырдың туған жері Рожков ауылында мүсіні орнатылған, оның есімі ауыл мектебіне берілген.