ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАТЫРЛАР: Мұқатай Әбеуілов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұқатай Әбеуілов 1917 жылы бұрынғы Семей облысы Шұбартау ауданының Баршатас ауылында дүниеге келген.

Майданға 1941 жылдың тамыз айында аттанған.

152-гвардиялық жоюшы-танкке қарсы артполктің зеңбірек нысанашысы, гвардияның қатардағы жауынгері М.Әбеуілов Венгрияны азат ету жолындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Жеке өзі жаудың 6 танкісін, 4 БТР және басқа да көптеген техникасын жойды.

1944 жылғы 16 желтоқсанда Будапешт қаласынан 50 шақырым жердегі Махор елді мекені тұсында танктер шабуылын тойтару кезінде қаза тапқан.

Ленин, 1 -дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталды.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 28 сәуірдегі Жарлығымен М.Әбеуіловке қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Батырдың туған жерінде кеуде мүсіні қойылған.