ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАТЫРЛАР: Нұркен Әбдіров

None
Әбдіров Нұркен 1919 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында өмірге келген. 1942 жылы Ростов облысында қаза тапқан. Әскери ұшкыш-штурмовик, сержант, Кеңес Одағының батыры (1943 ж. қаза болған соң берілген).

1939 жылы Қарағанды аэроклубының ұшқыштар курсын бітіріп, запастағы пилот мамандығын алады. Қызыл армия қатарына 1940 жылы шақырылған. Орынбор авиация училищесін бітіргеннен кейін (1942 ж. ), 267-ші авиация дивизиясының 808-ші полкіне жіберілді. Шайқаста ержүректілігімен, іскер қимылдарымен көзге түсті, жаудың оқ-дәрі, қару-жарақ қоймаларын, адам күші мен ұрыс техникасын жойды. 16 рет әуе шайқасына қатысып, фашистердің 12 танкісін, 28 жүк автомобилін, оқ-дәрі тиеген 18 машинасын, жанармай құйылған 3 цистернасын, 3 зеңбірегін жойып, 50-ден астам неміс солдаты мен офицерін жер кұштырған. Н. Әбдіров жаудың Сталинград шебіне енетін Боков-Пономаревка ауданындағы қорғаныс бекінісі мен шоғырланған танкілерін жою үшін әуеге көтеріледі. Тапсырманы орындау кезінде Н. Әбдіров бірнеше дзотты, зенит артиллериясының 2 нүктесін, 6 танкті жойды, бірақ өзінің ұшағы да зақымданды. Жалын шарпыған ұшағын жау техникасы шоғырланған тұсқа бағыттап, капитан Н.Ф. Гастелло сиякты қаһармаңдықпен қаза тапты. Ростов облысының Вешенск ауданының Н. Әбдіров жерленген Коньки хуторында, Қарағанды қаласында, сондай-ақ оның есімі берілген ауылда (батырдың туған жерінде) Н. Әбдіровке ескерткіштер орнатылған. Қарағандыда Н. Әбдіров атындағы даңғыл бар. Жыл сайын Н. Әбдіров атыңдағы жүлде үшін еркін күрестен жарыс өткізіледі. Волгоградтағы Мамаев қорғанының етегінде Н. Әбдіров бейнелі зираты жасалған. Қарағандыдағы кеншілердің мәдениет сарайының репертуарына Нұркен Әбдіров туралы балет енгізілген (музыкасы А. Руденскийдікі). Н. Әбдіров туралы Г. Якимов жазған «Мәңгілік өмір шыңына» («Пике в бессмертие») атты деректі повесть (Алматы, 1966 ж. ) бойынша «Қазақтелефильм» студиясы фильм шығарды.

Әбдіров Нұркен 1919 жылы Қарқаралы өңірінде бұрынғы 5-ші ауыл, қазіргі Нұркен атындағы шаруашылық аумағында шаруаның отбасында дүниеге келген. Кейін ата-анасымен бірге Қарағандыға қоныс аударып, осы қалада әуе клубында ұшқыш мамандығын игерген. Соғыс басталғанда Нұркен Орынбор әуе училищесінде оқитын. Ол майданға аттануға ұмтыла берді, сондықтан да оны алдымен Ташкенттегі, одан кейін Сібір қалаларының біріндегі шабуылшы әскери ұшқыш дайындайтын курстарға жіберді. Оқуды тәмамдағаннан кейін ол 267-әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды. Н.Әбдіров талай әуе шайқасына қатысып, ерлік пен өжеттік, әскери шеберлік танытты, әр тапсырманы мұқият орындап отырды. Қазанның 23-і күні тұңғыш рет әуе шайқасына аттанар алдында Нұркен былай деп жазған екен: "егер біз фашистерді құртпасақ, олар біздің түбімізге жетеді. Сөйтіп қуанышты, бақытты өмірмен қоштасамыз..." Қарапайым қазақ баласы Н.Әбдіровтің өмірі мен ерлігі қаһарман, қаншыл қазақ ұлтының бойындағы игі қасиеттердің айнасындай әлемге шұғыла шашып тұр.