1941 жылға дейін май зауытында жұмыс істеген. 18 жасында майданға сұранып, Курск иініндегі сұрапыл шайқасқа қатысады. Днепр өзенін алғашқылар сапында өтіп, жау техникасы мен адам күштерін шығынға ұшыратып, қаруластарының өзеннен өтуін қамтамасыз еткені үшін миномет расчетының сержанты Жақсығұловқа Батыр атағы берілген. Өмірінің соңғы жылдарында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарды. Тасқала ауданының Құрметті азаматы атағын алған.
2010 жылы батыр есімі берілген «Садық Жақсығұлов» атты очерк кітабы жарық көрді. Кітаптың авторы - журналист, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айтқали Нәріков.