ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАТЫРЛАР: Сұлтан Баймағамбетов

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Баймағамбетов Сұлтан Біржанұлы 1920 жылы Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қояндыағаш ауылына дүниеге келіп, 1943 жылы шілденің 25-і күні Ленинград облысы Киров ауданы Синявино елді мекенінде қаза тапқан. Кеңес Одағының Батыры.

1940 жылы әскер қатарына алынып, 1941 жылдың маусым айынан бастап Ұлы Отан соғысына қатысты. Алдымен мергендер ротасында, кейіннен пулеметшілер бөлімшесінде қызмет етті. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербор) түбіндегі ұрыстарда 50-ден астам дұшпанның көзін жойды. 4 рет жараланған. 1943 жылғы шілдедегі Ленинградты Үлкен жермен байланыстырып тұрған тар өткелді кеңейту үшін жүргізілген ұрыстарда Баймағамбетов Ленинград майданының 67-армиясы 43-атқыштар дивизиясына қарасты 147-атқыштар полкінде пулемет бөлімшесінің командирі болды. 1943 жылы 25 шілде күні болған шайқаста жау дзотын кеудесімен жауып, ерлікпен қаза тапты. КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының шешімімен Баймағамбетовке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (21.2.1944).

Қостанай қаласы мен Әулиекөл кентіндегі ауылда екі көшеге Баймағамбетов есімі берілді. Қояндыағаш ауылында ескерткіш орнатылған.

Мәлімет көзі: Википедия