«Eastern Bloc Features» фестивалі (Шығыс Еуропа елдері режиссерлерінің фильмдері) 30 қаңтарда Санта-Барбарада басталды, ол 9 ақпанға дейін жалғасады.
«Бауыр» фильмінің әлемдік премьерасы 70-ші венециялық Халықаралық кинофестивалі аясында өтті. Ізінше картина «Еуразия» IX халықаралық кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасында көрсетіліп, бірден үздік режиссура марапатын және НЕТПАК жүлдесін иеленді. Өткен жылғы күзде фильм Австрияда өткен Viennale халықаралық кинофестиваліне қатысқан.
«Eastern Bloc Features» халықаралық деңгейдегі өнер бәсекесінде Серік Апырымовтың картинасымен бас жүлде үшін режиссер Мирослав Мандичтің (Словения, Хорватия)«Адрия блюз»; Виктор Таустың (Словакия, Люксембург, Чехия, Финляндия) «Сайқымазақтар»; Игнас Ионинастың (Литва, Латвия) «Ойыншы»; Тудор Кристиан Жургиудің (Румыния) «Яжапон иті»; Яцек Бромскийдің (Польша) «Айға билет» және режиссер Элис Неллистің (Чехия) «Жаңару» фильмдері таласқа түседі.
Санта-Барбарада халықаралық кинофестиаль 1985 жылдан бері өткізіліп келеді.