«АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс қызметінің мәліметінше, қазақстандық өнім REACH
сертификатын иеленіп, Еуроодақ нарығына импорттауға арналған химиялық заттар мен
олардың қоспаларының сапа деңгейін бағалаудың толық рәсімінен өткен.
«REACH регламентіне сәйкес, Еуроодақта жылына 1 тоннадан астам мөлшерде өндірілетін немесе импортталатын кез келген химиялық зат тіркеуге жатады. REACH сертификаты – еуроаймақ елдері үшін тіркелген бензин импорттаушысы болып табылатын қазақстандық кәсіпорынның экспорттық мүмкіндігін дамытудағы маңызды қадам.
Былтырғы сәуірде АМӨЗ өндірісіндегі хош иісті көмірсутектері – бензол және параксилол
REACH сертификаттауынан өтті. Ал, бензин Еуропалық сапа стандарттарына сәйкестігі
расталған кәсіпорынның үшінші өнімі болып отыр», -деп хабарлады кәсіпорынның қоғаммен байланыс қызметінен.
REACH сертификаты Атырауда шығарылған жанармайға Еуроодақ елдерінің нарығына
жол ашады. Өйткені, құжат Еуроаймақ аумағында мойындалған.