Қазақстандық бензин ресейдікінен кем түспейді - ҚР энергетика министрі

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстан бензині сапа жағынан ресейдікінен кем түспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз қазір еуро-5 стандартының бензинін шығара бастадық. Біздің бензин басқадан кем емес. Егер сіз «дені сау» жанармай бекетінен бензин құйсаңыз, біздің бензин - жақсы», - деді Қанат Бозымбаев брифингте журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Ол егер қоспа араласпаса, Қазақстан бензині ресейдікінен кем түспейтінін айтты.

«Жанармай құю бекетінде бензиннің сапасын біз анықтамаймыз, бірақ жаңғыртудан кейінгі біздің зауыттардың шығарып отырған бензині өте сапалы», - деп мәлім етті министр.

Фото: top.st