Қазақстандық бес миллиардер Forbes-тың тізіміне енді
Бұл туралы отандық ақпараттық агенттіктер хабарлады.
«Қазақмыс» корпорациясының перзиденті және ірі акционер Владимир Ким 2,3 млрд. долларымен 641-інші орынға орналасты, 670-інші позицияда 2,2 млрд. долларымен ҚР Президентінің бұрынғы Іс басқарушысы Болат Өтемұратов тұр. 2,1 млрд. дәулеті бар кәсіпкер Алиджан Ибрагимовқа 704-інші орын берілді. Ал ерлі-зайыптылар Динара мен Тимур Құлыбаевтар 1,3 млрд. доллармен 1107-інші орында орналасуда.
Айта кетейік, өткен жылы тізімге үш қазақстандық енді, олар - Владимир Ким, Алиджан Ибрагимов және Болат Өтемұратов.
Forbes-тың тізімі 2013 жылы жаңадан 210 есіммен толығып, барлығы 1426 адамды қамтыды. Әлемнің ең бай адамдарының жалпы капиталы 5,4 трлн. долларды құрады, өткен жылы ол 4,6 трлн. доллар болды.
Әлемнің ең бай адамы қайтадан мексикалық телекоммуникациялық магнат Карлос Слим болды, оның дәулеті 73 млрд. долларға бағалануда.