Қазақстандық суретшілердің еңбектері бұл бәссаудаға тұңғыш рет шығады, деп хабарлайды «Азаттық».
Әлемдегі ең көне аукцион үйлерінің бірі Sotheby's 2013 жылы наурыздың 4-і мен 12-і күндері аралығында Лондонда Орталық Азия мен Кавказ елдерінің қазіргі өнер туындыларының «At The Crossroads» («Жолайрықта») деп аталатын көрме-сатылымын өткізеді.
Армения, Әзербайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан суретшілерінің 50-ге жуық картинасы қойылатын көрмені ұйымдастырушылардың хабарлауынша, бұл аймақтың бейнелеу өнері тұңғыш рет кең ауқымда таныстырылмақ.