Қазақстандық биатлоншы Еремин Универсиаданың қола медалін жеңіп алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық биатлоншы Роман Еремин 10 шақырымдық спринттен «қола» медаль олжалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жеңімпаздардың үштігінде: ресейлік спортшылар Семен Сучилов пен Дмитрий Иванов, сондай-ақ қазақстандық Роман Еремин бар.

Еске сала кетейік, 31 қаңтарда биатлоншы Алина Райкова 15 шақырымдық жекелей сайыста Қазақстанға алғашқы алтынды  әперді. Екінші алтынды  сол күні қазақстандық фристайлшы дуэт Жанбота Алдабергенов пен Бағлан Іңкәрбек аралас командалық акробатика сайысында алған болатын. 

Қазақстан құрамасының қоржынында барлығы 5 «алтын», 2 күміс және 5 қола медаль бар.