Вишневская із кесу мен масс-стартты жақсы меңгерген. Галина басқа спортшыларды басып озып, атыстан да жақсы көрсеткішке жете алады. Қазақстандық бұл жолы да өзін көрсете білді: барлық оқ ату шебінде мінсіз өнер көрсетіп, мәреге жақсы нәтижемен келді.
Қазақстанның екінші өкілі Дарья Климина 57-ші орынға жайғасты. Ол сегіз рет дәл тигізе алмай, жоғары нәтижеге қол жеткізе алмады.
Жарыста неміс Лаура Дальмайер көш бастады - бұл оның Пхёнчхан-2018-дегі екінші «алтыны». Ол бірінші алтынын спринтте алған еді. Екінші орынға бұрынғы ресейлік, қазір Словакияның намысын қорғап жүрген Анастасия Кузьмина ие болды. Францияға қоланы Ано Бескон сыйлады.
Астана уақытымен 18:00-де ерлер арасында пасьют басталады. Онда ел намысын Роман Еремин қорғамақ.
17:52, 12 Ақпан 2018
Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская Олимпиадада 20-орын алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская 2018 жылы Олимпиада ойындарында алғашқы жиырмалыққа ілікті. Семей тумасы жарысты отызыншы болып бастап, он позицияға көтерілді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.