Бұл туралы 18 жастағы спортшы қыз Инстаграмдағы парақшасына жазды.
«Меніңше, мән-жайды аздап түсіндіріп өтсем, бұл болып жатқан жағдайға кері әсерін тигізбес. Менің ауысуым ақшамен еш байланысты емес! Аяқ астынан қабылданған бұл шешімнің қарапайым түсінігі бар. Әкем бұл жерге жұмыс істеуге шақырылды. Бар болғаны осы. Мұнда бәсекенің көп болғаны, керісінше, пайдалы. Жүгіру қызықтырақ болады. Ал Қазақстанды әрдайым жақсы көргенмін және солай болып қала береді! Және оған қатысты ешқашан ештеңе айтқан емеспін», - деп жазды Пантова.
Айта кетейік, Арина биатлоннан қазақстандық бапкер Дмитрий Пантовтың қызы.