АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Словакияда өтіп жатқан қысқы универсиадада қазақстандық биатлоншылар аралас эстафетада күміс медальға қол жеткізді.
Құрамында Галина Вишневская, Анна Кистанова, Максим Браун, Василий Подкорытов бар қазақстандықтар ресейліктерден кейін екінші орынды иеленді.
Бүгін қазақстандық шаңғышы қыздар да күміс жүлдені еншілеген болатын. Осымен Қазақстан құрамасы медаль санын бесеуге (екі алтын, үш күміс) жеткізді.
Универсиада одан әрі жалғасуда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).