ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында бүгін қазақстандық биатлоншылар Олимпиада алдындағы соңғы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындарының ресми басталуына бір күн ғана қалды. Бүгін барлық спортшыларымыз ең соңғы жаттығуларын жасап, ертең бастау алатын додаға дайындықтарын пысықтады.
Олимпиадаға Қазақстаннан 49 спортшы 57 жолдама жеңіп алған болатын. Олар спорттың 9 түрінен сынға түседі. Олимпиадада жалпы 15 спорт түрінен 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.