Қазақстандық биатлоншылар Пхенчханға аттанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық биатлоншылар кеше түнде Алматыдан Оңтүстік Кореяға аттанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Биатлоншылар біздің олимпиадашыларымыздың ішінен алғашқы болып Пхенчханға барды. 

Айта кетейік, ҚР құрамасында «ататын шаңғышылар» делегациясының өкілдері - 10 адам. Олар Василий Подкорытов, Максим Браун, Владислав Витенко, Тимур Хамитгатин, Роман Еремин, Алина Райкова, Дарья Климина, Галина Вишневская, Ольга Полторанина мен  Елизавета Бельченко.