АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатында қазақстандық Александр Касачев 100 салмақта бақ сынап, алғашқы белдесуінде жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Касачев Грузия балуанына есе жіберіп алды.
Естеріңізге сала кетейік, әлем біріншілігінде 55 келі салмақта ел намысын Марат Нығматуллаев қорғайтын болса, 60 келі салмақта Қуаныш Ысқақов белдеседі. 66 келі салмақта Қасымхан Төленбай боз кілемге шықса, 74 келі салмақта Ғалымжан Әбдірахманов белдеседі. 82 келі салмақта Ерсұлтан Мұзафаровқа үміт артсақ, 90 келіде Әділжан Ыстыбаев күрес алаңына шығатын болады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.