Қазақстандық бітімгерші әскери қызметшілер - Арменияда (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Армения Республикасының Армавир облысындағы «Баграмян» полигонында «Мызғымас бауырластық-2015» ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттерінің бітімгершілік күштерімен оқу-жаттығудың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Ерекше назар бітімгершілік операцияда олардың тапсырмаларды орындауы бойынша белсенді іс-қимылдар үшін ҰҚШҰ мүше мемлекеттері бітімгершілік контингенттерінің жауынгерлік үйлесімділігін жетілдіруге бөлу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

«Мызғымас бауырластық-2015» оқу-жаттығуының негізгі мақсаты өзара түсінушілікті нығайту және ҰҚШҰ мүше мемлекеттерінің бітімгершілік контингенттері арасындағы ынтымақтастық, бітімгершілік операцияны дайындау және бітімгершілік міндеттерді орындау барысында ҰҚШҰ-ның БҰК бөлімдерін (бөлімшелерін) басқаруды дайындау бойынша жұмыста барлық дәрежедегі командирлер мен штабтардың практикалық шеберлігі мен командирлердің машығын арттыру болып табылады.

ҰҚШҰ ұжымдық бітімгершілік күштерінің контингенттері оқу-жаттығудың бірінші кезеңіне кірісті. Оның барысында бітімгершілік міндеттерді орындауға әскери басқару органдары мен бөлімшелерді дайындау мәселелері пысықталды.

Бұдан басқа атыс, әскери-медициналық, инженерлік даярлық бойынша практикалық сабақтар өтеді. Оның барысында «Майлс» лазерлік жүйесінің тактикалық-техникалық сипаттамасы және оның қолданылуы бойынша міндеттерді орындау ерекшеліктері жеткізіледі, сондай-ақ әскери-далалық госпитальдің өрістетілуі көрсетіледі.

Сабақ барысында халықаралық ізгілік құқығы бойынша мәселелерді Қызыл Крест халықаралық комитетінің өкілдері қозғайды.

Сонымен бірге, қазақстандық бітімгершілер Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей Қарулы Күштері контингенттерінің жеке құрамымен бірлесіп оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайтын болады.

Есе саала кетсек, «Мызғымас бауырластық» бітімгершілік күштерінің оқу-жаттығуы 2012 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп тұрады. Алғаш рет Қазақстанда 2012 жылғы 8-17 қазанда өтті.