Sports.kz сайтының ақпараты бойынша, солтүстікқазақстандық Ян Саицкий мен ақмолалық Александр Червяков үздік «елудің» қатарына кіріп отыр. Ян Савицкий мәре сызығын 27-ші болып кессе, Александр Червяков көмбеге 49-шы болып келді.
Бұл жарыста швед Бьорн Ферри жеңімпаз атанды. Ал екінші орынды австриялық Кристаф Зумман иеленсе, үшінші орынға француз Винсент Жей табан тіреді.