Қазақстандық бизнес Қырғызстанға бара жатыр

None
БІШКЕК. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Индустрия және инновациялық технологиялар министрлігінің экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі Қырғыз Республикасының сауда-өнеркәсіптік палатасымен бірігіп Бішкек қаласында

қырғыз-қазақстандық бизнес форумын ұйымдастырды.

Форумға қатысу үшін келген қазақстандық делегация құрамында машина жасау, құрылыс, фармацевтикалық, тағамдық, химиялық және басқа салалардың 17 компаниясының өкілдері келді. Атап айтқанда, бұл фармацевтикалық өнімдерді шығаратын «Химфарм» АҚ, «Хендай Авто Тгаск&Bus» ЖШС, «Қазазот» ЖШС - минералдық тыңайтқыштарды жеткізуші, сондай-ақ инвестицияларды сақтандыру бойынша «ҚазЭкспортГарант» АҚ экспорттық-несиелік-сақтандыру компаниясы болды.

Қырғыз тарапынан Қазақстанда шығарылатын өнідемді сатып алуға қызығушылық танытатын бизнес бірлестіктер мен қауымдастықтардың 100-ден астам өкілі қатысты.

Бизнес форумының барысында екі елдің кәсіпкерлері потенциалдық серіктестерімен тікелей байланыс орнатып, шығарылып жатқан өнімдерді таныстыру, Қырғызстанда қазақстандық компания өкілдіктерін, сондай-ақ қырғыз-қазақстандық біріккен компанияларды ашу мүмкіндіктерін қарастырды.

Екіжақты келіссөздер барысында бизнесмендер экспорттық келісімшарттар жасау мүмкіндіктерін қарастырады. Бұл Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы тауар айналымының өсуіне септігін тигізеді.

Форум қатысушылары алдында Экономика және монополияға қарсы саясат министрі Темір Сариев пен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің экспорттың дамуы бойынша департаментінің директоры Асқар Арынов құттықтау сөз сөйледі.