Өткен демалыста Шваб Сосуадағы (Доминикан Республикасы) бокс кешінде өнер көрсетті. Оның қарсыласы - бұған дейін 33-3, 28 КО көрсеткішімен рекорд орнатқан жергілікті боксшы Даниэль Рамирес болды. Алайда бұл жолғы айқас соңына дейін жеткен жоқ. Николай Шваб Даниэль Рамиресті нокаутпен жеңді.
Бұл Швабтың кәсіпқой рингтегі - сегізінші және мерзімінен бұрын аяқталған төртінші айқасы. Рамирес төртінші рет жеңілді.
Николай Шваб бұған дейінгі айқасын өткен жылы 9 шілдеде өткізіп, төрешілердің бірауызды шешімімен америкалық Рондейл Хуббертті (14-23-3, 8 КО) Майамиде (АҚШ) жеңген болатын.