Қазақстандық боксшы америкалық қарсыласын небәрі 33 секундтың ішінде сұлатып салды.
25 жасар қазақстандық кәсіби ринктегі алғашқы айқасын АҚШ-та, Жаңа Орлеанда (Луизиана штаты) өткізді.
Төрт раундтық жекпе-жекте оған жергілікті боксшы Амони Сандерс (0-2) қарсылас болды..
Жеңіл салмақтағы жекпе-жек төрт раундқа есептелген еді. Бірақ Шваб бірінші раундтың 33 секундтында қуатты соққысымен қарсыласын нокаутқа жіберді.