Филиппиндік Рики Сисмундоға (35-13-3, 17 КО) қарсы айқас Мәдиев үшін GoldenBoy Promotions промоутерлік компаниясындағы бірінші жекпе-жегі болды.
Айта кетейік, бұл промоутерлік компанияның басты жұлдызы Сауль Альварес саналады. АҚШ-тың Карсонқаласында (Невада штаты) өткен бірінші жартылай орта салмақ дәрежесіндегікездесу сегіз раундқа созылуы тиіс еді. Жекпе-жек төрешілердің бірауызданшешімімен Мәдиевтің жеңісімен аяқталды.
Руслан кәсіпқой рингтегі 13-жеңісіне қол жеткізді. Осылайша, ол қыркүйектемексикалық Пабло Сесар Канодан (32-7-1, 22 КО) спорттық мансабындағы алғашқыжеңілісінің «есесін қайырды».
Сисмундо кәсіпқой алаңда 14-рет жеңіліске ұшырады.