НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Аида Сатыбалдинова (5-2-1, 2 КО) АҚШ-тың Калифорния штаты Коммерс қаласында титулдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық боксшы Гаити өкілі Джайка Павилуспен (3-5-1, 1 КО) рингке шықты.
Олар жеңіл салмақта GBO версиясы бойыншы чемпиондық белдікті сарапқа салды.
Төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіс Аидаға берілді.
Осылайша, Аида Сатыбалдинова өзінің кәсіпқой боксындағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Д.Павилус алтыншы рет жеңілді.
А.Сатыбалдинова 2019 жылдың шілдесінен бері рингке шықпаған болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дамир Ысмағұловтың бесінші жеңісіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).