Боксшы 22 шілдеде Лонг-Бичте (Калифорния штаты, АҚШ) бокс кешінде рингке шығуы тиіс еді, бірақ жекпе-жек белгісіз себептермен өткізілмейтін болды.
BoxRec.com ақпаратынша, Айдынның ендігі жекпе-жегі 26 тамызда Коммерсте өткізіледі. Оның қарсыласы – жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Энди Бельтран (6-0, 3 КО). Жекпе-жек екінші ең жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді, кездесу алты раундқа дейін созылады.
А. Елжановтың бұған дейінгі соңғы жекпе-жегі 1 сәуір күні Лонг-Бичте өтті. Онда төрешілердің шешімімен ол мексикалық боксшы Хуан Эрнандес Мартинеспен (2-2-2) тең түскен.