Бокс кешін ұйымдастырушылар алдағы шара туралы ресми түрде жариялады.
«WBA нұсқасы бойынша супер орта салмақта чемпион Давид Моррель 5 қарашада өзі сияқты жеңіліп көрмеген чемпиондық атаққа үміткер Айдос Ербосынұлымен 12 раундтық жекпе-жекте кездеседі», - делінген РВС хабарламасында.
Негізгі жекпе-жек WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша АҚШ-тан шыққан әлем чемпионы Джейсон Росарио (23-3-1, 17 КО) мен жеңіліп көрмеген кубалық боксшы Йоэлвис Гомес (6-0, 5 КО) арасында өтеді.
Фото: sports.kz