Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұйымдастырушылардың баспасөз қызметінен хабарланғандай, Сейітжановтың қарсыласы жеңілмеген мексикалық Хосе Макиас Энрикес (15-0, 7 КО) болады. Олар жартылай орта салмақта жасөспірімдер арасындағы WBO чемпиондық титулына таласады.
Еске салайық, шоудың басты жекпе-жегі Қамшыбек Қоңқабаев (4-0, 3 КО) пен оңтүстікафрикалық Джонни Мюллер (23-2, 14 КО) арасындағы кездесу болмақ. Қарсыластар қазақстандыққа тиесілі бірінші ауыр салмақта WBA Gold белдігі үшін жұдырықтасады.