Қазақстандық боксшы Б.Сойлыбаев өзiнiң алғашқы жекпе-жегiн нокаутпен аяқтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев 6-раундтық кездесуде америкалық Хосе Гомезтi 3-раундта нокаутқа жiбердi. Бұл туралы ВКонтакте желiсiндегi ресми парақшасында Diamond Ring промоутерлiк компаниясы хабарлады.

Жекпе-жек «Fight night MMA and Boxing» америкалық шоуының аясында Лос-Анджелес қаласында өттi. Сойлыбаевтың еншiсiнде төрт жеңiс бар, оның екеуiнде боксшы нокаутпен аяқтады.

Еске салайық, Бекман Сойлыбаев атақты бапкер Фредди Роучтың залында жаттығады.