28 жастағы боксшы 34 жастағы американдық Джейсон Томпсонды екінші раундтың 33 секундында (4-10-4) техникалық нокаутпен жеңді. Бұл Бахтярдың уақытынан бұрын аяқталған алтыншы кездесуі.
Жекпе-жек 68 келі салмақ дәрежесінде өтті. Бұған дейін қазақстандық орта салмақ (72,5 келіге дейін), ал американдық жартылай орта салмақ (66,7 келіге дейін) дәрежесінде болатын.
Еске сала кетсек, бұдан бұрын Эюбов өз салмағын ауыстырды, енді ол бірінші орта салмақта ( 69,9 келіге дейін) шаршы алаңға шығады, деп мәлімделген еді.