Қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаевтың келесі жекпе-жегі 27 тамызда өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 жастағы қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаевтың келесі жекпе-жегі 27 тамызда Калифорнияда (АҚШ) өтеді. Әзірге оның бұл сайыстағы қарсыласы аталмады, деп хабарланған Вконтакте желісіндегі Қазақстан кәсіби боксы парақшасында.

Еске салайық, Б.Сойлыбаев Калифорния штатындағы Чино қаласында 2 тамызда өткен жекпе-жекте мексикалық Серхио Нахерді кездесудің небәрі 38-ші секундында-ақ сұлатқан болатын.

12 тамызда Бекман Сойлыбаев 25 жасқа толды. Ол 2014 жылғы тамыздан бері кәсіби бокста өнер көрсетіп жүр.